КешYou тобының экс-мүшесі Айдана Меденова діни сеніміне байланысты қазір ән де тыңдамайтынын айтты деп жазады Massaget.kz.
Әншіден оқырманы "Енді ән айтпайсыз ба" деп сұраған.
Айдана Меденова өзінен-өзі музыкадан алшақтап кеткенін жазды.
«Жоқ. Ең қызығы, тіпті тыңдамаймын қазір. Жалпы, маған қиын болады деп ойлағанмын кезінде... Керісінше, Аллах маған жеңілдетіп қойды бәрін, өзімнен-өзі музыкадан алшақтап кеттім, түк қиналмай. Альхамдулиллях. Аллаһ ұлық, ниетіңе қарай бір секундта адамның жағдайын өзгерте салады», - деп жауап берді ол.
Ал, әлеуметтік желі қолданушылары Айдананың жат ағымның жетегінде кеткенін жазып, өкініштерін білдіруде.