Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Прокуратура Қонаевтағы балалар лагерінің адамшошырлық фотоларын көрсетті

Азамат Ахметов

Қонаев қаласындағы «Бәйтерек» лагерінің директоры тексеру келгенде мас болған. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

Бастықтың араққа сылқия тойып алғаны өз алдына, ол лагерьге де тиісті жағдай жасамаған. Мемлекеттік сатып алу туралы келісімшартта лагерь балалардың ойын-сауығын ұйымдастыруға міндеттелген. Алайда, ол талап орындалмапты. Сондай-ақ, Қапшағай көліне шомылар кезде де қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

Прокурорлардың айтуынша, Алматы облысындағы балалар лагерлерінің көпшілігі талапқа сай емес. 22 лагердің 8-і рұқсатсыз жұмыс істеген.

Сізге қызықты болады