Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әскерде әлемжеттік жоқ, сарбаздар құмар ойын салдарынан суицид жасайды – Шекара қызметі

Азамат Ахметов

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі тәрбие, идеологиялық және кадрлық жұмыс департаменті бастығының орынбасары Ерік Беріков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әскерде әлімжетік жоқ екенін айтты.

«Өкінішке қарай, бізде бұрын әскери қызметшіміздің қаза болуы сынды фактілер болды. Әрбір дерек бойынша мұқият қызметтік тергеу жүргізіледі. Кінәлі шенеуніктер қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады. Соңғы жағдайда бес шенеунік қызметінен босатылып, біреуі төмендетілді», - деді Беріков.

Ол атағандай, Шекара қызметінде суицидке апару дерегі кездеспейді.

«Мен Шекара қызметінде суицидке жеткізу деректері жиі болады деп айта алмаймын. Себептер әртүрлі болады, бұл – бұл отбасылық, тұрмыстық, психологиялық факторлар. Тиісінше, мен айтқанымдай, ойынға тәуелділік бар. Әскери қызметшілер қарызға белшесінен батып, осындай шешім қабылдау себептері болды. Біздегі «Өміріңді сақта» бағдарламасы аясында Қарулы және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері арасында суицид жасамау бойынша іс-шаралар жүзеге асырылады», - деді ол.

Ерік Беріков атағандай, әскерде әлімжеттік жоқ.

«Шекара қызметінде әлімжеттік жоқ. Біздің әскери қызметшілеріміз бір жыл ғана қызмет етеді. Тиісінше, жұмыстан шығарылған кезде келесі шақырту келеді, олар мүлдем кездеспейді. Сондықтан біздің әскерде әлімжеттік жоқ», - деді ол.

Сізге қызықты болады