Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Етің өліп кетті-ау сен баланың»: Төреғалидың тойда ән айтуын жұрт тағы сынады

Азамат Ахметов

Әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шыққалы тойдан қолы босамай жүргендей. Әлеуметтік желілерде оның тойханада ән айтып, әзілдеп жүрген видеороликтері көп.

«Біреулердің көргені, сабақ болады, біреудікі өзіне сауап болады. Ағайын мен сіздерді қатты сағындым, тойды да сағыныппын палаткадағы», - деп әнші тойда түсірілген видеосын жариялаған.

Ал, жела қолданушылары болка әншіге «ақыл кірмепті» деп кейіп жатыр.

«Етің өліп кетті-ау сен баланың. Бүлдіріп аласың да, төрт жол тақпақпен жарқ етіп шыға келесің. Кеше боқтап жүрген кісілер, бүгін фотоға да түсе береміз ғой көрсек. Дым болмағандай калай журеді. Жағымпаздар жиналыпты ғой. Абырой жинап палаткадан бастап жатсыз ба», - деп жазды оның оқырманы.

Еске салсақ, биыл маусым айында әнші Төреғали Төреәлі көлікті мас күйде айдап, полицияның көлігін соққан болатын. Ол сондай-ақ, тәртіп сақшыларына бағынбай күш көрсеткен. Ол ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін сот қаулысымен кінәлі деп танылды. Сот әншіні 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жаза қолданды.

Сізге қызықты болады