Қауға сақал қойып, өнерден қол үзген Рүстем Жүгінісов өзін «адасқан» дегендерге жауап берді

Азамат Ахметов

Бірнеше жыл бұрын қазақ эстрадасында жарқ еткен жұлдыздай пайда болып, бүгінде өнерден қол үзген әнші Рүстем Жүгінісов өзін «адасқан» деп жүргендерге жауап берді.

Бұрынғы әнші, қазіргі діндар жігіттен желі қолданушылары «Мираспен (Рүстемнің туған інісі – авт.) неге дуэт құрып ән айтпайсыздар» деп сұраған.

«Алдында дәл осы сұраққа жауап беремін деп басым бәлеге қалған. Мен сол кезде осы түріммен қалайша ән айтамын, әншілікті қойдым, басқа жолды таңдададым деп жауап бергенмін. Олар менің осы сөзімді бұрмалап, «ол басқа жолды таңдады, ол әншілікті қойды, адасты, сақалын өсіріпті» деп талқылап кетті. Сонда адам ән айтпай қалса, барлығын өзі үшін түсініп алып, сол нәрсені тастаса, сол адам адасқан бола ма? Сол нәрсе менің миыма сыймады. Мен басқа жұмысты таңдадым деген сияқты айттым ғой. Ол басқа адасқан жолды таңдаған деп сөкті», - дейді Рүстем Жүгінісов.

Бұған дейін ол өзінің дінге біржола кеткенін, енді ән айтпайтынын мәлімдеген еді.

«Болды, мен басқа жолды таңдадым. Қазір мен әнші емеспін», - деген еді Рүстем Жүгінісов.