Омар Жәлел би мәртебесінен айрылып қалды

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Билер алқасы Омар Жәлелді би деп мойындаудан бас тартты. Бұл туралы «Қазақ Билер Алқасының» мүшелері мәлімдеген.

«Қазақ Билер Алқасы 2023 жылы 31 шілдеде өткен онлайн жиында көпшілік дауыспен Омар Жәлел мырзаны Бас би лауазымынан жеке ұстанымына байланысты айырып, Бас би деп мойындаудан бас тартты», – делінген хабарламада.

Еске салсақ, 2022 жылы Омар Жәлел 17 қыркүйекте қазақтың Бас биі болып сайланған болатын. Құрылтай Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Машат ауылындағы «Ақшолпы» деген демалыс орнында өткен.

Билер алқасы мұндай қадамға Омар Жәлелдің нақты қай әрекеті үшін барғанын нақтыламаған.