Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

«Таныс-тамырсыз өте қиын»: Аймағамбетов ректорлардың магистратураға қалай қабылдайтыны туралы айтты

Азамат Ахметов

Бұрынғы Оқу-ағарту министрі, қазіргі Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов өзінің Facebook-парақшасында магистратураға түсудің бұрынғы жүйесі жайлы айтты.

«Осы аптада магистратураға грантқа түскендердің тізімі шықты. Кезінде қатты сынға алынған реформалардың бірі – магистратура мен докторантураға түсу емтихандарының форматын өзгерту еді. Бұрын қалай болды? Әр университет өз бетінше емтихан сұрақтарын әзірлеп, өздері емтихан қабылдап, тексеріп, оқуға қабылдау туралы бұйрық шығаратын. Негізінде бұл әдіс өте жақсы, өкінішке қарай әзірге біз мұндай форматқа дайын емеспіз. Өздеріңіз білетіндей, бұрын ректорлық тізім болатын, таныс-тамырсыз оқуға түсу өте қиын еді. Не өзгерді? Біз магистратураға түсу емтихандарын ҰБТ сияқты бір орталыққа топтастырдық, емтихан қабылдау функциясын ректорлардан алып тастадық. Одан кейін электронды форматқа ауыстырдық», - деді ол.

Аймағамбетов атағандай, «грантты магистрантқа беру» жүйесін енгіздік, яғни грант емтихан нәтижесі бойынша жиналған ұпайға қарай бөліне бастады.

«Осылайша, ең жоғары балл жинаған талапкер грантқа ие болады да, университетті өзі таңдайды. Сондай-ақ, 2021 жылы игерілмеген гранттар бойынша емтиханды тек жазда ғана емес, желтоқсанда да өткізуді ұйғардық. Бұл да білім алушыларға қолайлы болу үшін жасалды. Докторантураға түсу емтихандарын да бір орталыққа топтастыру бойынша жұмысты бастап едік. Емтихан қабылдау бойынша біраз функцияларын ректорлардан алып тастап, келесіде оны тағы жалғастыру жоспарда болып еді. Сондақтан докторантура бойыша әлі де біраз рисктер мен университеттердің ықпалы бар. Оны қосымша тағы қарау керек. Міне, бірер жылдың ішінде ондаған мың магистрант пен докторант оқуға түсті, тіпті оқуын аяқтап та үлгерді. Бұл реформалар жақсы өзгерістер әкелді деп ойлаймын», - деп жазды ол.

Сізге қызықты болады