Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Шымкенттің ең танымал полицейін жұмыстан қуып жіберді

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Шымкент қалалық Полиция департаментінің полк басшысы болған полковник Данияр Мейірхан қызметінен қуылды деп жазады адвокат Талғат Есімов өзінің Telegram-каналында.

Ол құқық қорғау органдары қызметкерінің беделі мен ар-намысына нұқсан келтірген көрінеді.

«8 қыркүйекте Полиция департаментінің тәртіптік комиссиясы полиция қызметкерінің беделіне нұқсан келтіргені үшін полк жетекшісі Данияр Мейірханды, оның орынбасарын және арнайы ротаның екі командирін қызметінен босатты», - делінген Есімовтің жазбасында.

Айта кетейік, Данияр Мейірхан үнемі әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, халықпен тікелей байланысатын полицей ретінде танылған. Оның аяқасты ұйымдастыратын рейдтіш шаралары да көпке мәлім.

Сізге қызықты болады