Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда ер адам екі жыл бойы туған қызын зорлап келген

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Алдағы 20 жылын ол түрмеде өткізеді

1979 жылы туған Алматы тұрғыны 14 жастағы қызын екі жыл бойы зорлап, оған моральдық азап пен денсаулығына зиян келтірген.

Зорлық-зомбылық 2021 жылдан бері жалғасып келген, тек екі жылдан кейін қыз бұл туралы анасына айтуға бел буады. Әйел өз кезегінде полицияға арыз жазған.

«М. есімді ер азамат бірден уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оны қамауға алуға рұқсат берді. Күдіктінің кінәсі бірқатар сараптамалық зерттеулермен, жәбірленуші қыздың айғағы және тергеу әрекеттерімен дәлелденді», - деді Алмалы ауданы ПБ бастығы, полиция подполковнигі Олжас Шәріпов.

Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты күдіктіні зорлағаны үшін кінәлі деп тауып, оны 20 жылға бас бостандығынан айырды.

Сізге қызықты болады