Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бақытжан Базарбек екі вице-министрді бюджет қаржысын жымқырды деп айыптады

Азамат Ахметов
Kursiv.kz

Ол Бас прокуратураға шағым түсірген

Мәжілісте «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2024-2026 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» және «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы таныстырылды.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек отырыста бюджет бойынша бөлінген қаражаттың статистикасы әртүрлі екеніне шағымданды. 

«Мен сізден миллиардтаған ақшаны сұрап жатқаным жоқ. 2022 жылы ақша 49 591 учаскеге бөлінген. Сіздерде 47 мың учаске бар. Арасындағы айырмашылық - 2 591. 2023 жылғы статистика бойынша 39 789 учаскеге ақша бөлінген. Сіздердің есебіңізде 47 мың деп көрсетілген, арасында 8 мың айырмашылық бар. Сіздер қолға берілген ақшаны оңды-солды өзгерте бересіздер ме?» - деді ол.

Ол жалған статистиканы айтқан вице-министрлерді атады. 

«Индустрия және инфрақұрылым министрлігінің вице-министрі Азамат Бейспеков және Қаржы министрлігінің вице-министрі Темірбековтың ақпараты жалған болып шыққан ба? Жалған болып шықты ғой. Бұл факт бойынша бюджеттің қаржысы жымқырылғанын көріп отырмын. Материалдарды Бас прокуратураға жолдадым. Бұл материалдар бойынша бюджет бойынша жалған статистикасы беруге парламенттік тергеу жүргіземіз», - деді Базарбек.

Сізге қызықты болады