Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ата-анасының діни көзқарасына байланысты дәрігерлер қарағандылық қызға көмектесе алмай жатыр

Азамат Ахметов

Уақыт өткен сайын науқасты аман алып қалу мүмкіндігі азайып барады

Жол көлік оқиғасына ұшыраған 25 жастағы қарағандылық қыздың қанын ауыстыруға ата-анасы үзілді кесілді қарсы болып отыр деп хабарлайды patriotkaragandy. Олар мұның өздері ұстанатын дінге қайшы екенін айтқан.

Жол көлік оқиғасы салдарынан қыздың омыртқасы екі жерден сынған. Дәрігерлер оған шұғыл ота жасау керектігін айтып отыр. Ол үшін қан құю қажет. Алайда, Йегова куәгерлері сектасында мүшелікте тұратын ата-анасы бұған үзілді-кесілді қарсы. Қазір дәрігерлердің қолы байланған.

«Иә, қан құюға біздің дініміз рұқсат бермейді. Біз жаратушының айтқанын орындаймыз. Мәселен, қазақтар шошқаның етін жемейді. Діні рұқсат етпейді. Тура сол сияқты біздің дініміз де қан ауыстыруға тыйым салады. Оның үстіне, дәрігерлердің ешбірі қан ауыстыру кезінде басқа аурудың жұғып кетпеуіне кепілдік бере алмайды», - дейді науқас қыздың туыстары.

Сізге қызықты болады