Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтауда дезинфекция жұмысынан кейін екі бүлдіршін уланып көз жұмды

Азамат Ахметов
Көрнекі фотосурет

Облыста дәл осындай жағдай екінші рет қайталанып отыр

Ақтауда 2021 және 2022 жылы туған балалар дезинфекциядан уланып көз жұмды. Тағы екі бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Қайтыс болған бүлдіршіндердің туысының айтуынша, төменгі қабаттағы көршісі жәндіктерден құтылу үшін пәтеріне дезинфекция жүргізген. Бірақ бұл туралы ол ешкімге ескертпеген және өзі үйіне қонбаған.

«Сол түні кішкентай балалар құса бастаған. Жедел жәрдем шақырғанмен, балаларды құтқара алмады. Қалған 5 адам ауруханаға жеткізілді. Қазір екі бала облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Біреуінің жағдайы өте ауыр. Дәрігерлер ешқандай болжам жасап жатқан жоқ», - деді туысы.

Ол сондай-ақ көршісін полиция қызметкерлері жауап алу үшін алып кеткенін айтты.

«Біз үйді жуып, тазаладық, бірақ бәрібір жағымсыз иіс әлі де бар. Осындай қайғылы оқиға бұған дейін Маңғыстау ауылындағы 2-ші шағынауданда болған. Неліктен көршілерге алдын ала ескертпеген? Өйткені, мұның қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін екенін бәрі біледі», - деді балалардың анасының сіңлісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл факт ҚР ҚК 304-бабының 3-бөлігі бойынша тіркелген. Сараптама тағайындалды.

Сізге қызықты болады