Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әнші Әли Оқапов Тоқаев берген «Құрмет» орденінен бас тартты

Азамат Ахметов
Almaty.tv

Ол сондай-ақ, бұған дейін де алған барлық марапатынан бас тартпақ

Әнші Әли Оқапов қоғамдағы даудан кейін Президент берген марапатынан және бұған дейін алған марапаттың бәрінен бас тартты. Бұл туралы ол өзінің Instagram-парақшасында мәлімдеді.

«Соңғы кездері қызу талқыланып жатқан нәрселерді байқамағандай кейіп таныта алмаймын. Осы видео арқылы мен 32 жылда алған барлық музыкалық телеарналардың премиясынан радиолар, қоғамдық ұйымдар, жеке жобалар, жалпы барлық марапаттарымнан бас тартуды шештім. Мұны баяғыдан-ақ істегім келген. Себебі менің балама жеке бөлмесі керек, ал енді әлгі ауыр темірлерді алып тастауға болады», - деді ол.  

Әнші атағандай, Мемлекеттік марапаттарға қатысты: наградаларда Қазақстанның мемлекеттік символикалары бар.  

«Марапаттарды қайтару туралы заңды оқыдым, бірақ ештеңе таппадым. Ондай норма жоқ. Меніңше, олай ешкім де істеген жоқ. Сондықтан ол наградаларға қатысты құзырлы органдардың шешімін күтемін. Қандай шешім шықса, солай істеймін. Яғни менен талап етілетін нәрсенің бәрін істеуге дайынмын», - дейді әнші.

Әли Оқапов «Құрмет» орденін иеленгені жайлы жариялаған жазбасына 3 мыңнан астам адам пікір қалдырған. Олардың басым бөлігі әншінің бұл атақты қандай еңбегі үшін алғанын түсіне алмай дал болды. Біразы әншіге лайықты емес марапатты қайтарып беруді ұсынды.

Сізге қызықты болады