Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қарағандыдағы шахта жарылысында қаза тапқан 6 адамның жеке басы әлі анықталмаған

Азамат Ахметов
Vlast.kz

Үкімет жанынан құрылған комиссия көптеген ереже бұзушылық анықталғанын айтып отыр

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Костенко атындағы шахтадағы жағдай туралы баяндады.

«Бүгінгі күні іздестіру-құтқару жұмыстары барысында 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-шы қаза тапқан адамның дене бөлшектері табылды.

Қайтыс болған 40 адамның жеке басы анықталды, 6-уы анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптамалар жүргізіледі. Іздеу жұмыстары электр энергиясының болмауымен, тау-кен қазбаларының ұзындығымен, көптеген бұзылған механизмдердің болуымен қиындады. Су басқан жекелеген тау-кен қазбаларында жұмыс жасау қиынға түсті.

Қазіргі уақытта ашық жану ошақтары жоқ, газ жағдайы қалыпты. Шахтаның қызметін қалпына келтіру үшін тау-кен қазбаларын зерттеу және жекелеген учаскелерде су сору жұмыстары жүргізілуде», - деді Сырым Шәріпханов.

Министр атағандай, аварияның себептерін тергеп-тексеру аясында Үкіметтік комиссия мүшелерімен бірге шахтаға түскен.

«Біз өте маңызды бұзылуларды анықтадық. Тау-кен қазбаларында шахта жабдықтары жылжып кеткен. 15-тен астам оқшаулағыш бөгеттер мен желдету құрылыстары қираған», - деп атап өтті министр.

Қазіргі уақытта тағы 7 шағын комиссия құрылып, оқиға орнында жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар тергеуге Қазақстаннан және шетелдерден сараптамалық ұйымдар тартылған.

Сізге қызықты болады