Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Нұрсұлтан Назарбаевтың қоры шахтада қаза тапқан кеншілердің отбасына небәрі 50 млн теңге бөлді

Азамат Ахметов
Азаттық

Бұған дейін ел арасында «Арселор Митталды» Назарбаев пен Митталдың ортақ бизнесі деген қауесет тараған болатын

Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаза тапқан кеншілердің отбасына көмек ретінде 50 млн теңге бөлді. 

«Костенко атындағы шахтада болған қайғылы оқиғаға байланысты еліміздің Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры қаза тапқан кеншілердің отбасына 50 млн теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетті», - делінген хабарламада.  

Еске салсақ, 28 қазанда Қарағанды облысындағы «Костенко» шахтасында апат болып, 46 кенші қаза тапқан еді. Назарбаевтың бөлген ақшасы олардың әрбірінің отбасына шамамен 1 миллион тегеден тиеді.

Сізге қызықты болады