Ол алдымен жәбірленген қызға «крыша» болуды ұсынған
Талдықорғанда қызды зорлады деген күдікке ілінген Талдықорған қалалық ІІБ бастығы қамауға алынды.
Қаланың бас сақшысы 27 жастағы қызды қызметтік кабинетінде зорлаған. Дүйім жұртты дүр сілкіндірген полковниктің заңсыз әрекеті туралы оқиға қоғамның наразылығын тудырды.
«Талдықорған қаласының мамандандырылған тергеу сотының 2023 жылғы 14 қарашадағы шешімімен күдікті К.-ға қатысты 2 ай мерзімге "қамау" бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты сот шешімі қанағаттандырды»,- деп хабарлады Жетісу ҚБ баспасөз қызметі.