Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматыда жер сілкінген кезде құзырлы мекеме қызметкерлері хабарламаны тек орыс тілінде таратқан

Азамат Ахметов
ҚазТАГ

Түнде болған жерасты дүмпуі қала тұрғындарын әбігерге салды

23 қаңтарға қараған түні Алматыда болған жер сілкінісінің қуаты 5 балл болған. Ғимараттардың шайқалғаны түсірілген видеоматериалдар қазір әлеуметтік желіде қаптап кетті. Осындай төтенше жағдай туғанда құзырлы мекеме қызметкерлері тұрғындарға тек орыс тілінде ақпарат таратқан. Бұл өз кезегінде халықтың наразылығын тудырды.

Танымал медиа-менеджер Самал Ибраева бұл жайтқа алғашқылардың бірі болып назар аударған.

«Бір өкініштісі, Төтенше жағдайлар департаментінің видео үндеулері тек орыс тілінде беріліп жатыр. Қазақ тілді тұрғындар үшін ақпарат жоқ. Керек болса, аударып түсініп алыңдар дегені болар», - деп жазды ол өзінің Facebook-парақшасында.

Астаналық журналист Кәмшат Тасболат болса Алматыда тұратын қазақтілді туыстарына қазақша мәліметті аударып беріп отырғанын айтады. Өйткені, жауапты мамандар мемлекеттік тілде ақпарат таратпаған.

«Бір әттеген-айы, кешегі жер сілкінісі кезінде Төтенше жағдайлар департаментінің де, сейсмоорталықтың да басшылары бар мәліметті Ресейдің мемтілінде беріп, Қазақстанның Тілдер туралы заңнамасын өрескел бұзды. Менің туыстарымның 90 пайызы Алматыда тұрады, бәрі қазақша сөйлейді. Соларға таңғы үшке дейін қазақша мәлімет беріп, сабырға шақырып отырдым. Ал Алматыда қазақша сөйлейтін қанша халық бар? Неге оларға әу бастан мемлекеттік тілде мәлімет берілмеді?» - деп наразылығын білдірді ол.

Бұл аз болса, Төтенше жағдайлар министрлігі жер сілкінісі туралы ақпаратты халыққа тек 2 сағаттан кейін ғана SMS арқылы таратқан. Қалада дабыл қағылмаған.

Сізге қызықты болады