Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қостанай облысында көбік кешінде тоқ соғып қайтыс болған қыздың ісі сотқа енді жетті

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Кінәлілер 8 жылға дейін сотталуы мүмкін

Былтыр тамызда Қостанай облысының Ұзынкөл ауданында болған көбік кешінде тоққа түсіп қайтыс болған қыздың ісі сотқа жетті.

Еске салсақ, аталған оқиғадан кейін қоғамда резонанс туып, халық осынау өлімге әкеп соққан шараны ұйымдастырушыларды жазалауда талап еткен болатын.

«Айыпталушы адамның іс-әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы 3-бөлігі бойынша сараланған (абайсызда адамның өліміне әкеп соқтырған, қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды сату, жұмыстарды орындау немесе қызметтер көрсету). Баптың санкциясы 4 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады. Айыптау актісімен қылмыстық іс Ұзынкөл аудандық сотына келіп түсті», - деп хабарлады Ұзынкөл ауданының прокуратурасы.  

Еске салсақ, 25 тамыз күні Ұзынкөл кентінде Жастар күніне арналған іс-шарада 9 жастағы қызды тоқ соққан болатын. Ол бүгін 12 қыркүйек күні таңертең көз жұмды.

Сізге қызықты болады