Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Теміртауда дүкенде газ жарылып, бір адам көз жұмды

Азамат Ахметов
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр екені хабарланды

Теміртаудағы дүкендердің бірінде болған газ жарылысынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды Qonaev.info.

«Сағат 09:49-да үйіндінің астынан қайтыс болған әйел шығарылды. Жедел жәрдем бригадасы өлім фактісін тіркеді», - делінген ТЖМ таратқан хабарламада.

Айта кетсек, бұған дейін Теміртауда екі қабатты дүкенде газ жарылысы болып, нысан қирап қалды. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар қиранды астында қалған бір адамды құтқарды. Зардап шеккен адам ауруханаға жеткізілді, оның жағдайы ауыр екені хабарланды.

Құтқару жұмыстарына 177 адам және 38 техника жұмылдырылды. ТЖД базасында және сол жерде жедел штабтар орналастырылды. Жедел желі телефоны мен психологиялық көмек ұйымдастырылды.

Сізге қызықты болады