Талдықорған қалалық полициясының бұрынғы бастығы Марат Күштібаев сот залынан ауруханаға жеткізілді.
«Қазіргі уақытта сотталушы кардиологиялық орталықта, дәрігерлер бақылауында. Осыған байланысты сот отырысы кейінге қалдырылды», - деп хабарлады Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 2024 жылы 28 ақпанда Марат Күштібаевтың зорлау ісі бойынша сот процесі басталған болатын. Процесс жабық режимде өтіп жатыр. Ол тоғыз жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін.