Қаржы министрлігі «Ұлттық қор – балаларға» жобасы арқылы қанша қазақстандық қаражат шешім алғанын жариялады, деп хабарлайды Qonaev.info.
2022 жылы қыркүйек айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» жобасын бастауға бастамашылық етті.
«2024 жылдың басында нысаналы талаптарға қатысушылардың саны 6 919 131 адамды құрады, оның ішінде 304 815 адам 2024 жылы 18 жасқа толды (толады). 18 жыл iшiнде орташа инвестициялық кiрiстiң 50%-нан қалыптасқан есептеулердің жалпы сомасы 695 519 269 АҚШ долларын құрады, әрбiр балаға 100,52 АҚШ доллары есептелді.
Есептеулерді кәмелетке толмағандардың ата-аналары немесе заңды өкілдері egov.kz порталынан және enpf.kz сайтынан көре алады», - делінген хабарламада.
2024 жылы кәмелетке толған (толатын) балалар үшін «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-на жалпы сомасы 30 640 003,80 АҚШ долларын құрайтын қаражат аударылып қойды.