Алматы облысында шетел азаматтарын үйіне заңсыз тіркегендер анықталды

Азамат Ахметов
Фото: Ашық дереккөзден

Алматы облысының прокуратурасы 12 мыңнан астам шетелдіктерді тіркеген 278 үйді анықтады, деп хабарлайды qonaev.info.

Бұл үйлердің ішінде тұрғын немесе жоқ мекен-жайлар болған. Мысалы, Қарасай ауданының Батан ауылындағы үйлердің бірінде 300-ден астам шетелдік азамат тіркелген.

Алматы облысының прокуратурасы осы фактілер бойынша ҚР ҚК 394-бабы (заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғады.

«Сондай-ақ, мемлекеттік қазынаға үш мың заңсыз көшіп келушілердің 79 млн.теңге салық төлемеу фактілері анықталды, олар бойынша өндіріп алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, сот шешімі бойынша елден шығарылуға жататын 29 заңсыз көшіп келушілер және қылмыстық құқық бұзушылық жасаған 43 заңсыз көшіп келушілер шығарылмаған»,- делінген хабарламада.

Жалпы, тексеру аясында Алматы облысының прокуратурасы көші-қон заңнамасын 600-ден астам бұзушылықты анықтап, 17 көші-қон полиция қызметкерлері тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Бұзушылықтарды жою бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.