Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіге бірнеше жеке мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды Qonaev.info.
Оның бұлай істеуіне Бишімбаевтың кешегі сотта берген жауабы түрткі болған.
«Қайта-қайта балаларды айта береді. Оның үстіне, мен Салтанатқа хат жазған депті. Бірақ, ол өтірік», - деді Назым Қаһарман.
Сөзінің дәлелі ретінде Назым марқұм Салтанат Нүкенованың өзі жазған бір хатты көрсетті. Оның айтуынша, сол хаттан кейін екеуі хат алмасып көрмеген.
«Міне, бұл алғашқы және соңғы рет хат арқылы сөйлескен кезіміз еді», дейді Назым. Хат мәтінінде көрініп тұрғандай, Салтанат Нүкенова Назымға хат жазып, балаларының өте тәрбиелі екенін айтқан. Сонымен қатар, Назыммен танысып, араласып тұрғысы келетінін жазған екен. Өз кезегінде Назым Салтанатпен қуана танысатынын, балалары Салтанатты қатты жақсы көретіндерін айтқан. Бұл сөзінің де дәлелі ретінде Назым Қаһарман қызының Салтанатқа жазған хатын көрсеткен.
«Сізді қатты сағындым, папам жаман адам, әйелді ұруға болмайды, ұят нәрсе. Сізді қатты жақсы көремін», деп жазған Бишімбаевтың қызы марқұм Салтанат Нүкеноваға.
Естеріңізге сала кетейік, бұл күндері Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың соты өтіп жатыр. Келесі сот отырысы ертең, 3 сәуір күні өтеді.