Су тасқыны салдарынан екі облыста жол жабылды

Азамат Ахметов
Фото: видеодан алынған кадр

«Қазавтожол» ҰҚ» АҚ мәліметінше, өңірлердегі су тасқыны салдарынан Ақмола және Қостанай облыстарындағы 4 автомобиль жолы жабылды, деп хабарлайды Qonaev.info.

2024 жылғы 3 сәуірдегі сағат бойынша халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында ауа-райының жылынуы мен қардың тез еруі салдарынан 2 облыста (Ақмола, Қостанай) 2 жол жүру учаскесінде жалпы ұзындығы 109 метр болатын су тасқыны орын алды.

«4 облыстағы (Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар) республикалық маңызы бар 4 автомобиль жолдарында (ұзындығы 196 км) қозғалысқа шектеу қойылды. Қазіргі таңда республикалық жолдарда 283 бірлік техника мен 319 адам жұмылдырылған»,- деп мәлімдеді «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ.