Бишімбаев ісіне қатысты сот отырысында Бақытжан Байжанов Қуандық Бишімбаевтың өзіне қысым жасап жатқанын айтты. Ол судьядан өзін Бишімбаевтан бөлек отырғызуды сұрады, деп хабарлайды Qonaev.info.
«Маған былай айт, былай деп жауап бер» деп қысым көрсетіп отыр», - деді Байжанов.
Ал оның қорғаушысы «Бишімбаев пен Байжанов сөз таластырып қалды. Бишімбаевтың Байжановқа сөйлейтін мүмкіндігі болмайтындай етіп, оларды бөлек отырғызуға бола ма?», деп сұрады.
Судья бұл мәселенің қарастырылатынын айтты.