Атырау облысы Құлсары қаласында 22.45-тегі жағдай бойынша алдын ала ақпаратқа сәйкес 2500-ге жуық жеке тұрғын үй мен әкімшілік ғимараттарды су басты, деп хабарлайды Qonaev.info
ТЖМ мәліметінше, халықты эвакуациялау жалғасып жатыр. Осы сағатта 4 мыңнан астам адам , оның ішінде 1 мыңнан астам бала қауіпсіз жерге көшірілген.