Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Бишімбаев телефон соққан балгермен бір жарым жылдан бері таныс екенін айтты

Азамат Ахметов
Фотоколлаж: Qonaev.info

Бүгін Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот процесі жалғасты. Сотта жауап берген Бишімбаев өзі хабарласқан балгердің Шымкент қаласында тұратынын айтты, деп хабарлайды Qonaev.info.

Айта кетейік, бұған дейін екінші эпизод бойынша жауап берген экс-министр Салтанат Нүкенова өлім аузында жатқанда балгерге телефон соққанын айтқан болатын.

«Менің таныс балгерім бар еді. Мен Салтанат оянбай жатыр, қарап көріңізші дедім. Балгер маған «ол қатты шаршаған және мас, кешке дейін ұйықтасын, сосын бәрі жақсы болады» деді», - деген еді Бишімбаев.

Ал бүгін зардап шегуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев бұл балгердің Шымкентте тұратынын айтты.  

«Балгер Шымкент қаласында тұрады. 1-1,5 жылдан бері таныспыз. Осы уақытқа дейін бизнесім бойынша хабарласып, сұрайтынмын. Оның айтқандары келетін. Сондықтан, Салтанаттың телефон соқтым», - деді Бишімбаев.

Адвокаттың «әйеліңізге жедел жәрдем емес, Шымкенттегі медициналық білімі жоқ балгер көмектеседі деп ойладыңыз ба?» деген сұрағына ол «мен балгерге сенетінмін» деп жауап берді.

Сізге қызықты болады