Ақмола облысы Есіл ауданында 400-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Qonaev.info.
ТЖМ мәліметінше, бір тәулік ішінде Есіл ауданының құтқарушылары Ленинское, Игілік және Свободное ауылдарынан 461 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 143- і бала. Сондай-ақ 42 мал басы бар.
Қазіргі уақытта ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.