Ақмола облысындағы үш ауылдан 461 адам эвакуацияланды

Азамат Ахметов
Фото: видеокадрден

Ақмола облысы Есіл ауданында 400-ден астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Qonaev.info.

ТЖМ мәліметінше, бір тәулік ішінде Есіл ауданының құтқарушылары Ленинское, Игілік және Свободное ауылдарынан 461 адамды эвакуациялады. Оның ішінде 143- і бала. Сондай-ақ 42 мал басы бар. 

Қазіргі уақытта ауданда су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасуда.