Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Елордада 105 мың оқушы қаланы көгалдандыру мен абаттандыруға шықты

Азамат Ахметов
Астана қаласы әкімдігі

Бүкіл ел аумағында бүгін «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды

Астананың 105 мыңнан астам оқушысы елордада қаланы санитарлық тазалауға, абаттандыруға және көгалдандыруға бағытталған «Таза Қазақстан. Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» атты көктемгі экологиялық акцияға қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Сағат 10.00-ден бастап Астананың жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары өз аумақтарын ретке келтіре бастады. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналар атсалысты. Қатысушылар арасында отбасыларымен, ата-аналарымен, бауырларымен және әпкелерімен бірге келгендер де болды.

Мектеп оқушылары экоакция туралы алған әсерлерімен әлеуметтік желілерде бөлісіп, фотосуреттер жариялап қана қоймай, сенбілікке шыққан достарын ерекше атап өтеді.

Бүгінгі сенбілікке 6 жасар Әлихан 5-сыныпта оқитын ағасына көмектесуге келді. Бүлдіршін осы мектепте оқуды жоспарлап, өткен тәуліктен бастап сенбілікке дайындалды.

«Менің атым Әлихан. Мен алты жастамын. Бүгін сенбілікке ағаммен бірге ауланы тазартуға келдім. Біз мектеп ауласын тазаладық. Үйде мен анама ойыншықтарды жинауға көмектесемін. Ағаммен бірге сенбілікке тағы да келемін. Ағамның сыныптастары маған көп кәмпит берді», - деді ең жас эко-белсенді.

7 сынып оқушысы Нұрислам Бұхарбай мұндай сенбіліктерге қатысудың маңызы зор деп санайды:
«Бұл экоакция туралы интернеттен оқыдым, содан сыныптастарыммен бірге қатысатын болдым. Тіпті сенбілік кезінде тиктокқа түсіп те үлгердік. Астана құлпыра түсті. Біз табиғатқа құрметпен қарауды жақтаймыз», - деді.

Естеріңізге сала кетейік, елімізде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы басталды. Ауқымды экологиялық акция бес аптаға созылады, олардың әрқайсысы белгілі бір тақырыпқа арналады.

Бірінші апта «Таза өлке» деп аталады. Алғашқы аптада елді мекендердің тұрғындары, қоғам белсенділері, ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері іргелес аумақтар мен аулаларды тазартады.

Екінші аптаға «Киелі мекен» атауы беріліп, тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыру жұмысына бағытталады.

Ал 20-27 сәуір аралығындағы «Жасыл аймақ» апталығы ағаш отырғызуға, оларды ақтауға арналады.

4 мамырға дейінгі кезең «Өнегелі ұрпақ» деп аталады және ардагерлер аулалары мен қарттар үйлерінің аумағын тазалауға және абаттандыруға арналады.

Соңғы, бесінші аптада «Мөлдір бұлақ» деп аталатын су айдындары – өзендер мен көлдердің айналасы қоқыстан тазартылады.

Сізге қызықты болады