Астана сотында экс-министр Қуандық Бишлімбаевтың ісі бойынша сот отырысы жалғасты. Судья Айжан Құлбаева сот залына БАҚ өкілдерінің қайта кіргізілетінін айтты, деп хабарлайды Qonaev.info.
Айта кетейік, бұған дейін әлеуметтік желілер мен БАҚ-та алқабилердің видео, фотолары тарап кеткені үшін журналистер сот залынан шығарылған болатын.
«Тексеріс барысында алқабилердің фото, видеоларын БАҚ пен әлеуметтік желілерде КТК телеарнасының өкілдері таратқаны анықталды. Оларға ескерту түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды.
Процестің ашық түрде өтіп жатқанын ескере отырып, сот БАҚ өкілдерін сот залына қайта кіргізу туралы шешім қабылдады. КТК теларнасы да сот залына кіргізіледі», - деді судья.