Электрондық сауда алаңында бұрын бизнесмен Қайрат Боранбаев мемлекетке берген Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беру бойынша сауда-саттық өтті, деп хабарлайды Qonaev.info.
Comfort Hotel Astana қонақ үй кешенін Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы аукционға шығарды.
Сауда-саттық 2024 жылдың 25 сәуірінде өткен. Қонақ үй сатып алу құқығымен 5 жылға сенімгерлік басқаруға беріледі. Кешеннің бастапқы бағасы – 3 919 431 715 теңге. Кепілдік жарнасы 587,9 миллион теңгеге тең.
Еске сала кетейік, Боранбаев құны құны 33,75 млрд теңге болатын бірнеше нысанды мемлекет меншігіне былтыр қазан айында өткізген болатын.