Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 444,326 теңгеге жетіп, тағы 1,34 теңгеге арзандады, деп хабарлайды Qonaev.info.
Қытай юанінің орташа бағамы да төмендеп, 61,31 теңгені (-0,18) құрады.
Ұлттық банк доллар бағамын – 445,66, еуроны – 474,58 теңгеге, ал рубльді – 4,78 теңгеге белгіледі.
Айырбастау пункттерінде доллар – 444,7-446,3 теңгеден, еуро – 474-478 теңгеден, ресей рублі – 4,69-4,79 теңгеден саудаланаып жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, 22 сәуірде KASE күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 445,66 теңгені құрап, 0,78 теңгеге төмендеген болатын.