Елімізде жаңа тұрғын үй 1,3% - ға қымбаттады, ал қайталама нарықтағы баспана бағасы 2,3% - ға арзандады, деп хабарлайды Qonaev.info finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Numbeo рейтингінің деректері бойынша, Қазақстанда қала орталығындағы пәтердің бір шаршы метрі орташа есеппен 1,5 мың АҚШ долларын құрайді. Ал шаһар сыртындағы баспана құны - мың доллар шамасында. Бұл орта есепті әлемдік Numbeo базасы жариялады.
Әлемдегі ең қымбат пәтерлер Гонконг, Сингапур және Швейцарияда екен.
ТМД елдері туралы айтатын болсақ, Қазақстанда пәтерлер арзан. Мәселен, Армениядағы орталықта тұрғын үй бағасы - 3,1 мың доллар тұрады. Ресейде - 2,2 мың, Әзірбайжанда-1,7 мың, Беллорусьте - 1,6 мың АҚШ доллары.
Ал Алматы орталығындағы баспана бағасының шаршы метрі 2 мың долларға дейін бағаланса, Астанада 1,2 мың доллардан асады. Бұл ТМД елдерімен салыстырғанда аса қымбат емес деп жазады Numbeo.