Қазақстан қор биржасы (KASE) 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 1,32 теңгеге көтеріліп, 443,37 теңгеге жетті деп, хабарлайды Qonaev.info.
ҚР Ұлттық банкі доллар бағамын - 442,05 теңге, еуро бағамын - 474,14 теңгеге, рубльді – 4,74 теңгеге белгіледі.
Қытайда мереке күніне байланысты юань бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ.
Айырбастау пункттерінде доллар 443,1- 444,7 теңгеден, еуро 474,5-478,5 теңгеден, ресей рублі 4,69-4,79 теңгеден саудаланып жатыр.