Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Жұт келді: Маңғыстау облысында үй жануарлары қағаз бен қоқыс жеп жатыр

Азамат Ахметов

Өңірде мыңнан астам жылқы аштан өлген

Маңғыстауда жылқылары мен түйелер жейтін түк таппай қоқыс контейнерлерін аралап, қоқыс жеп жүр. Сондай-ақ, тұрғындар жеп-шөп болмағандықтан түйелерге қағаз беріп жатыр. Жергілікті халық жағдайдың қаншалықты ауыр екенін әлеуметтік желілерде көрсетіп жатыр деп хабарлайды Qonaev.info.

Айта кетейік, өңірдегі қуаңшылықтан малдығ қырылып жатқаны бұған дейін хабарланған болатын. Облыстық Ветеринария басқармасының мәліметінше, мамыр айының соңына дейін облыста 1100 жылқы аштан өлген.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, болып жатқан жайтқа жергілікті әкімдерден басқа ешкімнің кінәсі жоқ, атқарушы билік жағдайды алдын ала болжауы тиіс және Үкіметтен алдын ала көмек сұрауы керек еді. Алайда, әкімдер тек мал қырылып жатқанда ғана дабыл қағыпты.

Сізге қызықты болады