Ауыл шаруашылығы басқармасының шенділері 50 млн теңге ұрлады деп күдіктелді

Азамат Ахметов
Фото: ашық дереккөзден

Ауыл шаруашылығы басқармасының қызметкерлері 50 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qonaev.info.

Алматы облысының Антикоррупциялық қызметі ҚР ҚК 189-баптың 4-бөлігі 2-тармағы бойынша «Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ экс-басшысымен дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

«Бір топ лауазымды тұлға қаржы институтының басшысымен алдын ала сөз байласу арқылы «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында агроөнеркәсіптік кешен субъектілері шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялауға бөлінген Ауыл шаруашылығы жабдықтарын жоғары құны бойынша жеткізу арқылы 50 000 000 теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелді», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарламасында.

Қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.