Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Алматы тұрғыны әкім Ерболат Досаевтың отставкасын талап етіп бір адамдық пикетке шықты

Азамат Ахметов

Алматылық белсенді Нұрали Айтеленов Алмалы аудандық әкімдігінің алдында бір адамдық пикет ұйымдастырды деп хабарлады Orda.kz.

Белсенді азамат қала әкімі Ерболат Досаевтың отставкасын талап етіп жатыр. Оның пікірінше, мегаполис басшысы жергілікті бюджетті тиімсіз жұмсаған, жөндеуді қажет етпейтін жолдарды жөндеп, велоинфрақұрылымды дамытуға көңіл бөлмеген.

Айтеленов әкім халықпен дұрыс сөйлесе алмайды деп те шағымын айтты. Оның пікірінше, облыс және қала әкімдерін халық сайлауы тиіс.

Айте кетейік, бұған дейін жергілікті тұрғындардың бірі Ерболат Досаевтың отставкасын талап еткен онлайн-петиция жариялаған болатын. Оған барлығы 70 мыңнан астам адам қол қойса, олардың 56 мыңнан астамы әкім кетуі керек деп дауыс берген.

Сізге қызықты болады