Евгений Кочетов ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті.
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Евгений Дмитриевич Кочетов Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі қызметіне тағайындалды», - делінген хабарламада.
Евгений Кочетов Қазақ гуманитарлық заң университетін, М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университетін бітірген. Экономика магистрі.
2009-2013 аралығында «Нұр Отан» партиясының орталық аппаратында әртүрлі құрылымдық бөлімшелерінде кеңесші, сарапшы қызметтерін атқарған.
2013-2014 жылдары «Цесна» Корпорациясы» АҚ Девелопмент бөлімшесін басқарған.
2014-2016 жылдары «Kazakhstan Real Estate Group» ЖШС басқарма директоры болған.
2016-2017 жылдары Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне қарасты «Орталық коммуникациялық қызметі» РММ директоры қызметін атқарған.
2017-2018 жылдары «Qazcontent» АҚ Басқарма төрағасы болды.
2018 жылы «Нұр Отан» партиясының Стратегиялық бастамалар институты директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.
2019-2020 жылдары «Рухани Жаңғыру» Қазақстан әлеуметтік даму институты» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі болды.
2020 жылдың қаңтарынан осы уақытқа дейін «Медиа Дамыту Қоры» корпоративтік қорының бас директоры қызметін атқарды.
Осы жылдар ішінде ол жеке коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді.