Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев рұқсат берген
Орыстың князі Александр Невскийге арналған ескерткіш Алматыда ашылатын болды деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі.
«2023 жылдың 13 шілдесінде Алматыда Мәскеу және бүкіл Русь патриархы Кирилдің қолдауымен және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың келісімімен ұлы князь Александр Невскийге арналған ескерткіш ашылады. Ескерткіш Александр-Невский шіркеуінің алдына орнатылады», - делінген Қазақстан православ шіркеуі таратқан хабарламасында.
Аталған шара Қазақстандағы православ шіркеуінің 20 жылдығына арналған. Нысанның ашылу салтанатына Қазақстан мен Ресейдегі православ шіркеуінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, дәстүрлі конфессиялардың көшбасшылары қатысады деп күтілуде.