Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Қазақстанда орыс тілінің қолдану аясы тарылды деген Ресей консулына қатысты тың ақпарат жарияланды

Азамат Ахметов

Оның орнына келетін жаңа консулды енді таныстырады

Қазақстанда орыс тілінде сөйлейтін азаматтар азайып кетті деп дабыл қаққан Ресейдің еліміздегі экс-консулы Евгений Бобровты ешкім қызметінен қумаған. Ол зейнет жасына жеткендіктен өз еркімен бұл қызметтен кетті деп хабарлады РФ-ның Алматыдағы бас консулдығы.

«БАҚ-та шындыққа сәйкес келмейтін ақпараттың көптеп тарауына байланысты мәлімдейміз: Ресейдің Алматыдағы Бас консулы Е.П.Бобров 65 жасқа толып, Ресей Федерациясының мемлекеттік қызмет туралы заңына сәйкес өзінің дипломатиялық миссиясын аяқтап, отставкаға кетті және отанына оралды», - делінген консулдық таратқан хабарламада.

Ал, оның орнына тағайындалатын жаңа консулдың кандидатурасы биыл мамыр айында бекітіліпті.

Сізге қызықты болады