Ол Қырғызстанға көріпкел мамандар көптеп керек дейді
Қырғызстанның президенті Садыр Жапаров болашақты көре алатын ерекше қасиетке ие екенін айтты.
Мұндай күтпеген мәлімдемені мемлекет басшысы Шолпан-Атадағы «Акылман» лицейін ашу салтанаты кезінде мәлімдеген.
«Біз қазір іргетас қалап жатырмыз. Сол кезде ғана біз Қырғызстанның жүз жылдық болашағын болжай алатын мықты мамандар даярлап шығарамыз. Бұл біздің елдің болашағы үшін аса маңызды. Мен мақтанғандай болмайын, бірақ менің алдағы 20-30 жылды көре алатын ерекше қасиетім бар. Менің болжамдарым үнемі орындалады. Бұл бәлкім Құдайдың берген қасиеті шығар… Бірақ, әркімнің бойында мұндай қасиет болады, қазір болып жатқан жағдайларға қарап, болашақты болжау қиын емес», - деді Қырғызстан президенті.