Бұл ел әр он жыл сайын жаңа соғыс бастайды дейді Украина президенті
Украина президенті Владимир Зеленский Нью-Йоркте БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-сессиясында Қазақстан мен Балтық елдеріне Ресей тарапынан қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді.
«Әр он жыл сайын Ресей жаңа соғыс бастайды. Ол Молдова мен Грузияның бір бөлігін басып алды. Ресей Сирияны жермен-жексен етті. Егер Ресей болмағанда ол елде химиялық қару қолданылмас еді. Қазір енді бұл ел Беларусьті толықтай жұтып алудың алдында. Ал, Қазақстан мен Балтық елдеріне қауіп төніп тұр», - деді Зеленский.
Ол әлемдік қауымдастықты бірігіп, Ресейді ядролық қарудан азат етуге шақырды.