Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров уәдесінде тұрмаған Үкіметті қатты сынады

Азамат Ахметов
parlam.kz

Былтыр Үкімет жылу электр станцияларында енді апат болмайды деп уәде берген еді

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет өткен жылы қыста болған олқылықтарды қайталауға хақы жоқ екенін айтты.

Есте болса, былтыр қыста Екібастұз, Риддер қалаларында жылу электр станцияларында апат болып, халық жылусыз қалған болатын. Үкімет ол кезде мұндай олқылықтың енді болмайтынын айтып уәде берген. Десе де, биыл алғашқы аяз түсуімен Қазақстанның бірнеше қаласында жылумен проблема пайда бола бастады.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Үкімет алдында еліміздің тұрғындарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету бойынша нақты тапсырмалар қоюда. Дегенмен, бірінші аяз түсуімен еліміздің коммуналдық инфрақұрылымының сыр бере бастауы дәстүрге айналып отыр. Рас, республика бойынша тозығы жеткен жылу орталықтары мен инфрақұрылым 80 проценттен асып кетті. Ал олардың көбін біз 50 жылдан астам уақыт пайдаланып келеміз. Бұл қауіпті жағдай», - деді депутат.

Саиров атағандай, былтырғы Екібастұз, Риддер, Балхаш, Көкшетау, Қарағанды, Теміртау, Петропавл қалаларындағы апаттар қордаланған проблеманың айқын көрінісі.

«Бұл тізімге Сарань қаласы қосылды. Техногендік қауіп-қатердің географиясы геометириялық прогрессиямен өсіп барады. Соған қарамастан, біз жылына бұл салада тек 5-7 процентке ғана жаңарып отырмыз. Бұл тіпті, елдегі ескіру үрдісінің орнын толтырмайды. Олай жалғаса берсе, жылу энергетикасындағы коллапс орнауы бек мүмкін.

Шіріген труба, ескірген қазандық, «кеңестік заманнан қалған» насостарды ауыстыратын уақыт өтіп кеткенін бәріміз білеміз. Өткен жылы жылу саласындағы инфрақұрылымның тозуын азайту мақсатында арнайы 160 миллиард қаржы бөлінсе де, шықырлаған аязға төтеп бере алар емеспіз.Жыл басында Парламентте Жоғарғы аудиторлық палатасының «Жылумен жабдықтау саласы» бойынша қорытынды есебінде 100-ден аса нақты ұсыныстар мен жүйелі сындар айтылды. Ұсыныс ретінде берілді», - деді Саиров. 

Оның айтуынша, Үкіметтен сол ұсыныстар бойынша не жауап, не атқарылған істі көрмеген.

Сізге қызықты болады