AMANAT партиясы Премьер-министр лауазымына Олжас Бектеновты ұсынды

Азамат Ахметов

Әлихан Смайылов 5 ақпанда отставкаға кетті

Akorda.kz

Мемлекет басшысына «AMANAT» партиясының атынан Премьер-министрдің кандидатурасы ұсынылды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Мемлекет басшысы ұсынылған кандидатураны Мәжілістегі партиялардың фракцияларымен жуық арада талқылайды.