Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Астанадағы LRT құрылысын қытайлық компания салып бітіретін болды

Азамат Ахметов
Egemen.kz

Нысан 2023 жылы пайдалануға беріледі

«Қазақстандық коррупцияның символы» деген бейресми атау алған астанадағы LRT жобасын ақыры қытайлық компания салып бітіретін болды. Бұл туралы Экспресс К басылымы жазған.

Бірнеше күн бұрын құрылысы қайта жанданған нысанды China Railway Asia – Europe Construction Investment co LTD (CRAEC) компаниясы салып жатыр.

«Біз қазіргі таңда уақытша жолдарды жүргізу, дайын балкаларды орнату жұмыстарын жүргізіп бастадық. Біз келісімшартта көрсетілген міндеттерімізді орындап жатырмыз. Жоспар бойынша жоба 2023 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі», - деді қытайлық компанияның Қазақстандағы филиалы директоры Фу Сицзюнь.

Айта кетейік, астанадағы LRT жобасына бөлінген қаражатты жымқырды деп жуырда бірнеше шенеунік сотталған болатын. Ал, халық болса нысанды «Қазақстандық коррупцияның символы» деп атап кеткен.

Сізге қызықты болады