Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Ақтауда жергілікті депутат 3,1 млрд теңгенің тендерін жеңіп алды

Азамат Ахметов
Көрнекі фото

Осыған ұқсас мектепті салуға астана әкімдігі 3 есе аз шығындалуда

Ақтау қалалық мәслихатының 42 жастағы депутаты Бердіқожа Боранбаев құны 3,1 млрд теңге болатын тендерді жеңіп алды деп жазады Orda.kz. Бұл қаражатқа «халық қалаулысы» 1200 орынға арналған орта мектеп салуы тиіс. Білім ордасы 19А шағынауданында орналасады.

Мектеп құрылысына тапсырысты Маңғыстау облыстық Құрылыс басқармасы берген. Тендер жеңімпазы ретінде «Оңдасын Строй» ЖШС танылды. Бұл компания депутат Боранбаевқа тиесілі. Ол енді мектеп құрылысын 23 айда аяқтап бітіруі тиіс.

Басылымның жазуынша, Нұр-Сұлтанда 1200 орынға шақталған мектеп және балабақшасы бар кешеннің құрылысына 1,15 млрд теңге жұмсалғалы жатыр екен. Ал, Маңғыстау облысы әкімдігінің бір ғана мектептің құрылысына неліктен 3,1 млрд теңге бөліп отырғаны түсініксіз.

Журналситер депутат Боранбаевпен хабарласып, «депутаттық шешім қабылдар кезде әкімдікке тәуелді болып қалмайсыз ба?» деп сұрап көрді.

«Қайдағы тәуелділік? Мен депутат болғанға дейін ұзақ уақыт құрылыспен айналысқанмын. Бұл жұмысымның депутаттыққа қатысы жоқ. Егер мұндай жағдай туындаса мен депутаттық мандатымды өткіземін», - деді Боранбаев.

Ол сондай-ақ өзінің депутаттың қызметі тендер ұтып алуға еш әсер етпегенін айтып ақталды.

Сізге қызықты болады