Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Болат Өтемұратовтың ұсталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды – Верный капитал» компаниясы

Азамат Ахметов
Tengrinews.kz

Миллиардер елордадағы жұмыс орнында

Бұған дейін Telegram-каналдардың бірінде қазақстандық миллиардер Болат Өтемұратовтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда, бұл мәліметті «Верный капитал» компаниясы жоққа шығарды. Өтемұратов аталған компанияға басшылық ететінін айта кетейік.

Бұл туралы Orda.kz ақпараттық порталының telegram-каналында жазылған.

«Бұл ақпарат жалған. Бәрі жақсы. Ол жұмыс істеп жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында», - деді «Верный капитал» компаниясының өкілі Ольга Абдрахманова Orda.kz тілшісіне берген жауабында.

Айта кетейік, Болат Өтемұратов Қазақстандағы ең дәулетті үш адамның бірі. Оның байлығы 3,5 млрд долларға бағаланады.

Сізге қызықты болады