Алматыда жасөспірім қыз жоғалып кетті

Әлия Назарбаева: «Әкеме моральдық қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін»

Азамат Ахметов
Фото ашық дереккөзден

Оның айтуынша, Елбасының атына көптеген хабарлама келіп жатыр

Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында елдегі орын алған жағдайға байланысты жазба қалдырды.

«Елімізде болып жатқан қайғылы оқиғаларға жүрегім ауырады. Бұл оқиғада қаза болғандарға қайғы мен өкініш білдіруге сөз жетпейді. Барлық қаза болғандардың отбасыларына шын жүректен көңіл айтамын.

Бұл бәрімізге сабақ болатын тарихымыздағы соңғы оқиға болсын. Бейбіт уақытта адамдардың өлуі дұрыс емес. Сіздердің қолдауларыңыз үшін алғыс айтамын. Ал қазіргі кезде әкеме моральдық қолдау білдіргендеріңіз үшін алғыс білдіремін, ол осы күндері әр облыстың тұрғындарынан көптеген хабарлама алуда.

Қазақстанға тек бейбітшілік пен гүлдену, қазақстандықтарға амандық пен денсаулық тілеймін. Абай болыңыз», − дейді Әлия Назарбаева.

Сізге қызықты болады