Қостанайлық тұрғындар балаларын жаппай орыс сыныптарына беріп жатыр

Президент Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды

Азамат Ахметов
Фото: Kapital.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрылған Ұлытау облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Qonaev.info.

Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, Президентті өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды.

«Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады», - делінген БОРТ №.1 telegram-арнасындағы хабарламада.

Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.
 

Сізге қызықты болады